күні ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Ашық есіктер күні өтті. Бұл шараға Иран Мәдени орталығы да қатысып, факультетпен танысуға келген мектеп оқушыларына Иран мәдениетін таныстырды, парсы тілін үйренудің артықшылықтарын жеткізді. Сонымен қатар факультеттің акт залында өткен Ашық есіктер күнінің ақпараттық және концерттік бөлімінде ИМО директоры Хоссейн Ағазаде сөз сөйлеп, факультет деканына, кафедра меңгерушісіне және парсы тілі ұстаздарына алғысхат табыстады. Иран туралы танымдық викторина ұйымдастырылып, сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға Гауһар Омарханова парсы тілінен аударған “Бір беттік кітап” сыйға тартылды.